Posted in

ЖАЛМАНЫНАН ТҮСТІ (ҚҰЛАДЫ)

Етпетінен құлады, тоңқалаң асты. ~ Бір-ақ аттап барып қыздың қолынан Жалғасты әзер босатып алған Айнамкөз қызды беттен жанып кеп қалам деп өз қолының екпінімен жалманынан түсті. Қ.Мүб. ~ Мес торы ерді сықырлатып, іші қорқылдап қия беттегі орманға қарай ентіге тартып келе жатқан, арық суынан мылжасы шыққан батпақ жолмен болмашы жырадан өте беріп сүрініп кетіп жалманынан түсе жаздағаны. Стрешнев бет-аузы қисайып, қамшымен бастан тартып жіберді. И.Бун. ~ Сондықтан асықпай көздеп, демімді ішіме тарттым да, шекірейіп жартас үстінде тұрған текені жалғыз оқпен жалманынан түсірдім. Ә.Асқ. ~ Қай жерді қалай басуды көрсетіп, өзімше Гүлзинаға ақыл айтып сүйеп келе жатыр едім, бір кезде жалманымнан құладым. Ә.Асқ.