Бүкіл бойын оттай ыстық сезім шарпып өтті. ~ Басы құрыққа іліккен құлындай қыз бұлқына түсті. — Ұят емес пе? Тырнағымның астына дейін дуылдап, бүкіл денемді ғаламат жалын шарпығандай болды. Т.Берд. ~ Бірақ сол сәтте тұла бойын жалын шарпып, өртеніп бара жатқанын сезеді. Қос омырауы шымырлап кетеді. Қ.Жұм.
Алқызыл түске боянды. ~ Әлгінде аспанның жарым-жартысын алып жатқан қорғасындай қара бұлтты да жалын шарпып қызарып кетті. Ә.Нұрп.
