Posted in

ЖАМБАС АҚЫ

Түнеп шыққан қонақ үйге, мейманханаға төленетін ақы. ~ Мен мұнда мектеп директоры Әлімғожаның үйіндемін. Aнa жолы онымен бірге келіп түскеннен осындамын. Жамбас ақы, құрсақ ақы төле деп, қазақ айтпайды. Өзім біліп бірдеңе берсем, мүмкін, алар еді. Б.Соқп. ~ Жығылғанға жұдырық дегендей, газы тоқтап, суы себезгілеген жайсыздық. Жамбас ақы жалақыңды орап кетеді. Е.Зей. ~ Өзімізді өзгелерге танытудың төте жолы оларды кез-келген той-жиналысымызға шақырып алып, арғы-бергі жолақысын төлеп, апта жатса да, ай жатса да жамбас ақысын, ішіп-жемін өтеп, басына қалпақ кигізіп, иығына шапан жауып, саусағын жүзікке толтырып, қолына қобди ұстатып жіберу екенін жатқа білеміз! Ғ.Қаб. ~ «Көзақы» – сұраншақ, тіленші саналады. Бір нәрсеге қызыққыш жандар өзін-өзі билей алмай, сұрап алғысы келеді. Сұрап алады да. Осындай адамның мінез-құлқын бейнелеу үшін «көргенінен көзақы алатын жан» дейді. «Жамбасақы» – қонақ үй, мейманханаларда түнеп шыққаны үшін, тәулігіне төленетін ақы. Осы төлемнің түрі жамбас ақы деп аталады. Кіреақы деген бар. Ж.Баб.