Posted in

ЖАН БАЛАСЫ

Тірі жан, ешкім д.м. ~ Сол тағдыр мені мұның соңына жападан-жалғыз түсіріп, оны жан баласы келмеген жерден барып ұстауға душар етті. Э.Хэм. ~ Оливер жан баласы көрінбеген көшені көзімен бір шолып өтіп, айқай сап жәрдемге шақырғысы келген де сәті болды. Ч.Дикк. ~ Сот бітісімен Асқар үйге кеп, өзі жамылатын көне көрпемен басын бүркеп жатып қалды. Жан баласын көргісі де, тілдескісі де келмеді. Қ.Түм. ~ Әшейінде қайта- қайта ашылып- жабылып бір тыным болмайтын қызыл қоңыр есікті де, ерегістіргендей, бүгін жан баласы ашпай қойды. Ө.Ахм. ~ Сол- ақ екен, бұл әрекетін пышақ кесті қойды: «Осы қазір өліп қалсам ғой жан баласы білмейді. Иә, — мұның аты ит өлім,— деді ол өзін- өзі мысқылдай танауынан мырс етіп.— Сенде бала да, жар да жоқ. Тек түйе, сиыр, қой бар, иә…» М.Сүн.