Posted in

ЖАНАР ОТЫ ЖАСЫДЫ (СӨНДІ)

Күш-қайраты қайтты, қайғы-мұңға салынды. ~ Леандраны монастырьға қамағаннан кейін Ансельмоның ештеңеге зауқы соқпай қалды — қалай болған күнде де, әйтеуір, көз жанарынан қуаныш ұшқыны көрінбейтін болды, — менің де көз алдым қараңғы тартып кетті: жанар отым жасып, сүлесоқ күйге түстім. М.Серв. ~ Бар дәуреннің желдей есіп берекесіз өткені рас… Енді жанар отың сөнген шақта, жақсылық қылдың не, жаманшылық қылдың не? — деп біраз үндемей отырып, — “бұрын батыр болсаң да, сенің басың бұл күнде, жерде жатқан қу тезек” депті-ау баяғының бір қызы… М.Әу.