Жан аямас өжеттік танытты. ~ Өздерін өлімге қия отырып, жанкештілікке барғандар ішінде ерлер де, әйелдер де, тіпті өрімдей-өрімдей жас балалар да бар. Ж.Баб. ~ Адам қорланғанда табиғи рухтың күшке айналып сыртқа тебуі – намыс. Ұлт қорланғанда оған ара түсуі – ұлттық намыс. Өз ұлты теңсіздікке ұшырағанда оған ара түсу үшін, жанкештілікке бару – ұлт намысын қорғағандық. Ж.Баб. ~ Мұндай жаужүрек азаматты бас қолбасы етіп қойсам ба екен дегенде ойға кетеді. Дегенмен, генералдың мынадай жанкештілікке қалай барғанын өзінен сұрайыншы деп қасына шақырып алады… Қ.Жұм. ~ Ал мына жасы егде тартқан, өзі қиыр жайлап, шет қонып жүрген, түріне қарасаң бап- байсалды орыс адамы мынадай жанкештілікке қалай барды екен? Қ.Жұм.
