Posted in

ЖАНЫН ЖЕГІДЕЙ ЖЕДІ

Қатты күйзелтті, қабырғасын қайыстырды. ~ Үйінің дәл қасынан шығып жатқан тойдың шуылы, айғай–шу, ән айтқан дауыстар жанын жегідей жеп, қашып кетуге жер таба алмай отырған. Т.Әбд. ~ Жүзі жабырқаулы. Әстe айықпайтын, жанын жeгідeй жeп жатқан бір мұң бар. Г. Марк. ~ Ағаның кегі, бірнеше жылғы сарпалдаң жанын жегідей жеп қаны қарайған Әліп қарсы оқ атқан керуенбасын қасқа маңдайдан басып қалады. Ж.Шәк. ~ Иә, қазір тыныш… Бірақ осынау тыныштық, бейқам өмір Дарханның мазасын алып, жанын жегідей жеп бітті. О.Бөк. ~ Расында менің де әрі-беріден соң, адам боп жаралғалы арыла алмай келе жатқан жауым осылар. Қанымды тірідей сорған, жанымды жегідей жеген сұмырай байдың қанды ауыз қасқырына енді кішірейіп жібімей-ақ қойдым. Міне, тұрдым осы сертімде!» Р.Рай.