Қатты қинады, есін кетірді. ~ 80 шақырым жердегі аудан орталығына барып келгенше несі қалады бұл жануардың? Ішіп алған жастар жол-жөнекей жанын шығарып айдамай ма! Апыр-ау, осыны түсінбеген басқарма қайтіп ел басқарып жүр-ей! К.Қаз. ~ Ауылдарына келгенде Кенжеқұл тіпті өз көзіне өзі сенбей қалды… Бұларды ешкім де сағынып жоқтамаған іспетті… алдынан шешесі шығып: — Құдай-ау, қарғам, шешеңнің жанын шығардың ғой, кешеден бері қайда болдыңдар, — деп сұрады. Қ.Мүб.
