Posted in

ЖАПЫРАҚТАЙ СОЛДЫ

Қатты жүдеді, өңі кетті. ~ Тәнiндегi тепсiнген жастық қуат, сәулелi ажар көз жасымен бiрге ағып кетiп, орнында тек құр
сүлдер, қаңқа қалған әсерде. Бет-жүзi үсiк шалған жапырақтай солып қартайып барады, қара шашы қар жауғандай қазiр-ақ ағарып шыға келетiн сияқты. Түйсiк-сезiмнен ада, мелшиген меңiреу хал. Т.Сәу. ~ Жүзіне тұйықтықтың көлеңкесі түскен, күзгі жапырақтай бозарып солған Қымбаттың көзінде, бір түрлі аянышты жаңалық пайда боп, жүдеп қалған. Т.Рыск.