Жақсылық нышаны байқалды. ~ Көрінер қай адамға досы бөтен, Зарым бұл — ызың желге қосып өтер. Маған да жарық сәуле көрінер ме? Әлде бар көрген қызық осы ма екен? Б.Тоғ. ~ Рас, жылы сөзге алданып қателестім. Осы перзентім ер жетсе мен де бір жарық сәуле көретін шығармын. Ә.Ысқ. ~ Маңайымызды қоршаған надандықтың қара түнек тұманын Сағатбай әңгімелері дауыл болып ысырып, ар жағынан бізге ұшы-қиырсыз кең өмір, жарық сәуле көрсеткендей болады. Б.Соқ.
