Posted in

ЖАТ ТАРТТЫ

а) Бөтен болып көрінді. ~ Құлағынан үні кетпеген желеп-жебеуші, кенет алыс, жат тартты. Ж.Нәж. ~ Автобустың түкпір жағында тізе бүккен Серікбол мойнын зорлана бұрып, бірте-бірте қара үзіп, артта қалып бара жатқан қалаға сүзіле қарады. Миллиондап жусап, миллиондап өретін алып шаһар жат тартып кеткені. Н.Сам.
ә) Сырт берді, көңілі суыды, теріс айналды. ~ Терезенің алдында шуақтаған, Ей, ақ кептер, Достықты қуаттаған, Неге маған Жат тартты кей жақыным, Жеткіз соның дерегін сұрап маған! Қ.Жәл.