Posted in

ЖАТҚАН (ШӨККЕН) ТҮЙЕГЕ МІНЕ АЛМАЙДЫ

Қолынан іс келмейтін ынжық, болбыр, момын адам туралы. ~ Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Абай. ~ Ала қырдан су іздеп, құдық қазуды ата кәсіп қылып алатын Қараш әулеті бесіктен белі шықпай жатып еститіні мазақ: «Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйеге міне алмас!..» Ә.Кек. ~ Бір ұл, жалғыз қызбен қалдым ғой, білесің. – Естігем. – Естісең, ұлым жүріп-жүріп биыл үйленген. Өзі жатқан түйеге міне алмас ынжық. Үйленді деген тек аты, әйелінің қолына кірді. Р.От. ~ Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп… Т.Әбд.