Posted in

ЖАУ АЛАДЫ (АЛАР) ДЕП ПЕ ЕДІҢ (ДЕЙМІСІҢ)

Қорқатын не бар, не қылар дейсің д.м. ~ Айналайын-ай, аманбысың? — Е, мені жау алады деп пе едіңіз? Дін аманмын. Тек, мына жеріме сызат түсіріп алдым-ау деймін. Т.Әлж. ~ Құрысын, құрып кетсін, пойызды жайырақ айдасаңшы. Бізді жау алар деймісің, отырмыз ғой омалып. Қ.Жиен. ~ Аман аға, ауылда тыныштық па? – деді ішіндегі ең өжеті Әлкө. – Ауылды жау алар дейсің бе? О.Бөк.