Бал ашты, жауырын сүйек арқылы болашақты болжады. ~ Жағалбайлы атасы Сөзінде болмас қатасы. Жауырынмен сөйлескен, Жауырын жағып қарады. Батыр Қобыланды сұрады: – Бұ жауыңа бармаймын, Жылқысы жолда тұрса, алмаймын. Жылқы аламын, – деп, – бұ жолда, Қасқа менен жайсаңның Обалына қалмаймын. “Сайын батыр”. ~ Тарихи мағлұматтардың айтуынша, ескі кездегі ғұн-үйсіндер соғысуды тілегенде, соғысардың алдында көп жігіт ақ боз атқа мініп, бақсыға барып, бал ашқызатын болған, бақсы жауырын жағып, бал ашып, жауырынға сызық «түсіп», боз аттар ойнақшыса, «соғысыңдар» – дейтін. Ә.Марғ. ~ Көптің көңілі өзіне әбден ауған соң бұл адам сарнай жүріп зікірге басты: — … Тамыр ұстаймын, құмалақ тартам, жауырын жарам. Алдыңды болжап, ойыңды айтам. Албастыңды қуып, шайтаныңды қашырам. Дертіңнен жазам! Қарағанның түбінде қаңқиып жатқан әулие, тобылғының түбінде тоң қиып жатқан әулие, қолда мені, қолда! Уһу хақ! Уһу хақ!.. Ғ.Мұст.
