Posted in

ЖЕЛ ҚУҒАН ҚАҢБАҚША (ҚАҢБАҚТАЙ, ЕБЕЛЕКТЕЙ)

Бір жерде тұрақтамай, байыз таппау, көшіп-қону туралы. ~ Аспандағы акқан сендей жосыған, түте-түте болып жел қуған қаңбақша, жүгіріп ұшып өтіп жатқан қалын қара сүр ұшпа бұлттар енді айқын көрініп тұрды. С.Сей. ~ Баяғыдан бері ашса аясында, жұмса жұдырығында болып, жел қуған қаңбақтай қайда айдаса сонда кете беретін Күреңбай қазіргі сәтте оның көзіне торды бұзып шыққан аш арыстандай көрінді. С.Ом. ~ Тірі қалғанымызды енді білгендей болдым, жел қуған қаңбақша домалаған шіркін тіршілік қайсы тасқа, қайсы ағашқа соқпады. Қ.Шабд. ~ Ештеме ойламауға тырысып баққанымен, сәлден кейiн тағы да бiр жел қуған ебелектей әлдебiр баянсыз алдамшы дүниенiң соңынан дедектеп бара жатады. Ә.Ыб.