Posted in

ЖЕЛКЕСІН ҚИДЫ (ҚЫРЫҚТЫ)

Жанын алды, көзін құртты. ~ Екі бірдей нәрестемді тумай жатып, жатырымда тұншықтырып өлтірттім! Не деген қатыгез едім! Мынау аппақ дүниенің есігін ашпай жатып, желкесін қиятындай, олардың не жазығы бар еді?!. Д.Рам. ~ Басты мақсат – қантөгіс ұйымдастырып, бар пәлені Николя Саркозиге жауып, оны президенттік марафоннан шығарып тастау, билікке жеткізбей желкесін қию. Т.Әс. ~ Өкшелеген өктем жау жетіп желкесін қиярдай тұс- тұсынан сып- сып көмекей жырта шыңғырады. С.Елу. ~ «Оңалбай Балабаевты өлтіруді ұйымдастырған сен» деп жала жапты. «Мен емес, оның желкесін қиған халық каһары» десем де сенбейді… Б.Тоғ. ~ Қыли жендет желкесін қырыққанша, Үстелдерде бықсиды кіл үйген боқ. С.Нұрж.