Posted in

ЖЕР САБАЛАП ҚАЛДЫ (САБАЛАДЫ, САБАДЫ)

Өкініш өзегін өртеп, бұлқан-талқан болды, ашуға булықты. ~ Ораздының он ұлы ойын салып жүргенде, Жиырлының
жалғызы Атқан оғын таба алмай, Жер сабалап қалған күн. Шалкиіз. ~ Күн еңкейе ажыратқанда Қисықтың жеті тоқтысы кем шығыпты. Құйысқансыз: «Ол тоқтылар менің қойыма қосылудан бұрын құрыған» деп маңына жолатар емес. Қисық жер сабалап қалды! Д.Дос. ~ Біздің ауылда да тура осындай бір жынды шал бар. Не бәлесінің барлығын қайдам, мені көрді болды, жыны ұстайды да қалады… Қарадай жер сабалап қуады да жүреді… Мен ес білгелі сол. Қ.Мүб. ~ Көкірегіме қара қан толып кетті. Өзіме – өзім пышақ салып төксем бе екен! Жер сабап, көк жұлып, құлақ естімес, көз көрмес жерге кетсем бе екен, түге! – деді Мамай. Ш.Мұр. ~ Күрең Қасқадағы Мақаш палуан көкпарды қатарынан екі рет апарып салғанда Тұқымбай түтігіп, сақалын жұлып, жер сабалады. Саймасай сақ-сақ күліп, айбыны асты. Ш.Мұр. ~ Құдай сақтаған ғой. Кешегі жауында бөрі тисе, жер сабап қаларек, – деді Меруерт басындағы орамалын түзей тартып. М.Сүнд.