Posted in

ЖЕР ШҰҚЫДЫ

Не істерін білмей, абдырап қалды. ~ Тұрсыннан қайтқанын естігелі менің де кірмегенім қара жер. Өзіңнен сөз шыға ма десем үндемейсің. Өзгесі өзге, дәл осы жолы жер шұқығанымыз – өлім. Б.Тоғ.~ Әкесi үйдiң бұрышына қарай айналып кеткен Шәрiп атайға тақалды. Тiктеп қарауға батпайтындай. Көзiн төменшiктетiп, бәтiңкесiнiң ұшымен жер шұқып бiраз тұрды. О.Елс. ~ Қайнысы басын төмен салып, жанарымен жер шұқып, иығы қусырылып, демде шөгіп кеткендей көрінді. Ш.Бей.