Ұятқа қалдырды, қорлады. ~ Баласы айтты: – Мейірбан мағшық анам, Көрінбейді көзіме ешбір адам. Мені жерге қаратпай, ризалық бер, Жан барында әкемді ізлеп табам. М.Ж.Көп.~ Соқ, сағатым! Сенсіз де достар қанша Жұрт алдында қаратқан қара жерге. Р.Нияз. ~ Бабас онан сайын шыжгөбектеніп жалынады. — Тілегімізді қабыл етіңдер. Жерге қаратып кете көрмеңдер, айналайындар. Н.Серәл. ~ –Апыр-ай,– деп ойлаған Тастай Жетiбайдың құнына байланысты би сотынан тұрмастай болып жеңiлiп, жеңiлiп қана қойса бiр сәрi-ау, бүкiл Қаратай елiн жерге қаратып қайтқан соң… К.Сег. ~ Қайтпаймын-ау! – деді ол да айғайлап, – Бәріңді жерге қаратып осы бетімде ауылға тартам. Тез енді. Ұзатып аласыңдар! М.Мағ.
