Мойнына түскен жалғыздық, жетімдік ауыртпалығы хақында. ~ Қалың мұңның құшағына оранып, жетім қозыдай жәутеңдеп қала бердім! Сенің нең кетті?!. Д.Рам. ~ Қанша жылағанымен ешкім кеп жұбатпасын білетін бала біраз өксіп, көз жасын қолының сыртымен сүртті де шалқасына аунап түсті. Жылап-жылап, отығатын жетім қозыдай бұл да солығын басып, терең күрсінді. К.Әлп. ~ Қайсар (оған таңдана қадалған күйі, өлеңді аяқтап болады да, сезіктене үн қатады.) Жетім қозыдай зарлаған сен кім едің, жарқыным? Ә.Әб. Әр қойдың шабын бір түрткен жетім қозыдай болып, әр есікке бір үңіліп келе жатыр едім, алдымнан тасыр-тұсыр пулемет атылып қоя бергендей болды. Ә.Нұрш.
