Бағың ашылсын д.м. игі тілек, бата. ~ Ой, жолың болғыр, жігіт адам соны да сөз дей ме екен. Не бар дейсің сол лагерьде. Қызықтың көкесін сен шөп шабыста көресің. Б.Соқ. ~ Аршыңдар ел өтетін жаудан жолды, Шаншыңдар көк найзамен оңды-солды. Майданда жолың болғыр сардарларым, Жинаңдар құрастырып қалың қолды. Қожаб. ж. ~ С а д ы қ. Іске сәт, Мырзабек, көрдің бе жолдастарыңмен де кездестің, жолың болғыр екенсің, ал кеттік ендеше. Бәрі кете береді. Қ.Мұх.
