Posted in

ЖОРҒАДАЙ ТАЙПАЛДЫ

Қарқынды, екпінді жүріс, қимыл-әрекет хақында. ~ Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып, құйындай екпіндеген Жарылғаптың екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Ж.Айм. ~ Сонда бір би айтады, Шын жорғадай тайпалды: – Қызым, қолым жаямын, Бақыт күткен баладан Қашан батамды аядым?! Н.Байғ.