Ойланбай жасалған, келеңсіз, қисынсыз. ~ Атымыздың қамау терін алғанша Асып озып кетті бізден бар халық. Жөн-жосықсыз неге қалдық демеңіз, Жұрт құйғытса, Біз ақырын желеміз. Қ.М.Әли. ~ Ақындық ойдың, дүниетанымның мазмұны «өзек жарған осы екен-ау» деп жөн-жосықсыз айқайлаудан емес, әлемнің қызығы мен қуанышын қызғыштай қорыған азаматтық үннен, әуезден, дауыстан аңғарылады. Н.Ор.
