Posted in

ЖӨНДЕРІН АЙТЫСТЫ

Жаңа кездескен адамдардың бір-біріне өздерін таныстыруы. ~ …қонақтарға қуанып қалды, қозы сойды, сақтаған сары қымыз берді, кімсіңдер, қайдан жүрсіңдер, кешкі астан кейін барып сұрады. Бұлар жөндерін айтысты. Шал да өздері жайлы қысқаша мағлұмат берді. Ә.Тар. ~ Екі жігіт көп кешікпей орманға тап болды. Орманға кірісімен, кешікпей қойшы балаға да кездесті. Жөндерін айтысты. Қойшы тұрып: — Мен сендерге еш нәрсе айтуға міндетті емеспін, керек етсеңдер, жөн-жосықты сілтеп көрсетемін, ақылды болсаңдар, өздерің ойлап шешіңдер, – деді. ҚАӘ “Малхуан сұлу”.