Posted in

ЖӨПШЕНДІГЕ КӨНБЕДІ

Жөн сөзге дес бермеді, айтқанға құлақ аспады. ~ Тылтың-тылтың етіп жөпшендіге көнбейсің, үлкенге кішінің бір ілтипаты деген болушы еді, жағаласып қоймайсың. С.Жүн. ~ Тастан ағасының аузын басып, Дәмелі байының етегінен тартып жүр. Бақтыбайдың есі шығып кеткен, жөпшендіге көнер емес. С.Жүн. ~ Көбен мен екі-үш молла жібек шапандарының салақтаған жеңдерін сілтесіп, “бұған дауа жоқ, жөпшендіге көніп, сөзге тоқтар Ақан бола ма? “Тіл өзімдікі деп безей береді”, “тіл мен жақ” десіп, серіге сырттай кіжініп, беттерін бура берген. С.Жүн.