а) Аттың басын босатты. ~ Сонан соң аттың жүгенін сыпырды да, сауырға бірді салып, айдап жіберді. Б.Соқ. ~ Олар отыз шақты жолдасымен Наурызбай җатқан ауылды қоршап алып, батыр, әйтеуір, жігігтерімен әрең қашып құтылады. Бірақ Наурызбайдың жетегіндегі атының жүгенін сыпырып әдейі құлап, орыс тілмаш жаппастықтарда қалып қояды. Бұл үшін Науан ағасынан сөз де естиді. С.Ақт. ~ Мына қарығы ашылмаған өлмелі шешең ажалынан бұрын кетпесін десең жібер мына жау алғырды. Жүгенін сыпыр да жібер… Шыққан ақшаң садақа болсын… Жібер тез!… Қ.Мүб.
ә) Еркіне жіберді. ~ Пендеге желік бітіретін екінші бір күш – жыныс құмарлығының жүгенін сыпыру, бірақ оның да кедергісі күшті. БАҚ. ~ Сот “Әке құқынан айырылсын” деген үкім шығарғанда, иығындағы ауыр жүктен құтылғанына қуанып, “жүгенін сыпыра” қашты. С.Қасымб.
