Міз бақпады, сескенбеді, түк сезінбеді. ~ Әкем де, шешем де осылар еді. Бірақ неге жүрегім селт етпейді. Ішімде неге ықылас-пейіл жоқ. Т.Әс. ~ Қызым соны білмейді ме? Біледі! Біле тұра селт етпейді жүрегі. М.Шах. ~ Кеше жер бетіндегі соңғы махаббатты жерлеу рәсіміне қатысқанмын. О тоба-ай.., ешкімнің жүрегі селт етпеді. М.Мәл. ~ Тасқа тамып кетті абайсыз, Қос тамшы жас тұрды иіріліп. Сіңер ме екен, деді біреу, Кеуіп кетер, деді біреу, Селт етпеді, бірақ жүрек, Күдік тұрды біраз үдеп… Қ.Кенж.
