Posted in

ЖҮРЕГІ СУЫДЫ (СУЫНДЫ, СУЫҚ ТАРТТЫ)

Түңілді, үміттен айрылды, баз кешті. ~ Бұлардың тобын қосып барласақ, XIX ғасырдың соңында Жаяу Мұса қауым тіршілігінен әбден қажып, бұрынғы тасыған жалынды жүрегі бірте-бірте суи бастағаны байқалады. Ә.Мар. ~ Бұл ер кісінің аузынан естіген тұңғыш уыт сөз еді. Өзіне де, өзгеге де көңілі қалып жүрді. Осы жасына дейін жүрегі суынып кісіні жаман көрген еместі. С.Ел. ~ Әлде бір емес, екі емес, бес рет тоғыз ай тоғыз күн көтерген нәрестесі ішіне сыйып, сыртына сыймай Қыпшақ молаға аттанып кете бергесін көңілі пәс, жүрегі суық тартып кетті ме екен? Әлде ішке бүккен сырға берік пе? Қ.Түм.