Posted in

ЖҮРЕГІ ТӨМЕН ТАРТТЫ

Сезік алды, жайсызданды, жүрегі сыздады. ~ Шеген жүріп кетті. Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді әзірлеп жүріп, жан қиыспас досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің жансыздау өткеніне қынжылдым. Көңілім наразы, жүрегім төмен тартқандай болды. Ғ.Мүс. ~ Екі-үш түбі бар-ау деймін. Ол жаққа қатынамағаныма біраз уақыт болды. Нұрланның жүрегі төмен тартып кетті. «Япырма-ай, соншама көп қайыңнан екі-үш түп қалды деген не сұмдық?» Б.Тоғ. ~ Рас айтам. Бірақ…- Нұртай ар жағын ішке бүгіп, аңтарылып қалды. Күреңбайдың жүрегі төмен тартып, көкірегіне әлденендей күдік-күмән лебі шымырлап кіре бастап еді. С.Ом.