Posted in

ЖҮРЕГІН (ЖҮРЕК) СЫЗДАТТЫ

Жүрегіне жара салды, жанын ауыртты. ~ Аурудай сүйекке енген Жүрегіңді сыздатар ниеттерден Жабырқауды, жүдеуді,
күрсінуді Басымнан жиі өткергем. Ф.Оң. ~ Сөйте тұрса да, сол күнгі кештен кеудесіне бозаның қорабасындай, есіне түссе жүрегін сыздатып өтетін ашқылтым бір сезім қалды. Д.Иса. ~ Ұсынса қол жететін жерде атойлап, арпалысып жүрген қанқұйлы жау қатерінен пайда болған жымысқы қорқыныш жүрегін сыздатады. С.Ом.
~ Екеуі Төлебаев гүлзарын бойлап, үнсіз келе жатыр. Жүрек сыздатқан қимастықты көздерімен ұқтырып, бір-бі¬ріне жаутаң- жаутаң қарасады. Т.Сәу. ~ Сүйеніп келген таяқты жанына қойып, өлі аруаққа бағыштаған дұға ма, жүрек сыздатқан мұң, шер, әлде сағыныш па, әйтеуір көкіректе қордаланған сезімді ескі жұртта қалдырып кететін. Ә.Нұрп. ~ Іргені көмкере өскен қалың қайыңның арасынан көкек шақырады. Тамылжыған ерке де мұңлы үн, жырақтағы туған жердің дауысы естілгендей, жүрек сыз¬датады. Т.Сәу.