Posted in

ЖҮРІСІНЕН (БАСҚАНЫНАН) ЖЕР ОЙЫЛАДЫ

Маңғаздана жүрген, талтаңдаған адам хақында. ~ Тірі жанға есеп бермейді, сүт сатып осылардың арқасында күн көріп жүрмін ғой, клиенттерімнің де көңіл- күйлерімен азды- көпті санасайын деген ой басына кіріп- шықсашы патшағардың! Жүрген жүрісінен жер ойылады. Паң, талтаң- талтаң. Қ.Жиен. ~ Дүние теңселгендей болып, жүрген кезде жер ойылып кетердей аударылып-төңкеріліп жоғарғы математика профессоры енді. Д.Дос. ~ Ажар осындай басқанынан жер ойылатын мырзасымақтарды көрсе зығырданы қайнайды-ақ. Бірақ амалы қанша. Ә.Кек.