Posted in

ЖҰМЫРЫНА (ЖҰТҚЫНШАҒЫНА) ЖҰҒЫМ БОЛМАДЫ

Жетпей қалды, мардымсыз болды. ~ Айсұлудың жеті ұлы жер-көкке сыймай, ақшаны суша сапырып, көл-көсір жұмсапты. Ақыры аяқтап келгенде әр күні бір сүйем алтын олардың жұмырына жұғым болмайтын болыпты. ҚЕ. “Алтын құйрықты жылан”. ~ Мырс етіп миғынан күлді. Табан ақы, маңдай терімен тапқан адал ақшасы әлдекімдердің жұтқыншағына жұғым болмай кете ме деп, содан қауіптенеді. Еңбегінің ақталғаны жақсы қалайда. Қ.Жиен.