Posted in

ЖҰРТҚА ЖҮК

Жұртқа жақпау, көлденең сөзге қалу туралы. ~ «Әкесі бар қыздарға сөз тимейді. Сөз алдымен саған тиеді. Үстіңнен бір жаман әңгіме естімейтін болайын. Менің жесірлігім жұртқа жүк. Қазақ күйеуден ажырасқан әйелді өсекке таңбай жүре алмайды. Ү.Жәл. ~ Алакөлдің шыбынынан басқа шыжық бітпеген асханасында отырып котлет по киевски сұрайтын көзелің астанада аштан өлейін деп жатса да бақайын қыбырлатпайтын пандығын жұртқа жүк қылады да жүреді. Қ.Ысқ.