Жабысып алып, айрылмай қойды, аяғына оратылды, тыным бермеді. ~ Тозған елдің басын қосып тобыр етіп, ауыл, аудан құрып жүрген үкіметтің үгітшілері екенін жасырмай, әзіргі кедейдің, жоқ–жітіктің қамқоры болып, алдына мал салып, жатақ етіп, егін ектіріп жатқан жаңа үкіметтің көөперәтсиәсінә қосылуларын өтіне жығыла жабысты. Б.Жұм. ~ Халық қамқоры қарттың осындай бір осал жерінен мықтап ұстап жығыла жабысқан Боранқұл мен Қасым Зайыпты алды еркіне қоймады. Ғ.Біл. ~ Әз ағамыз баяғыда осы Жармаға келгенде бетінде әжімнен сау тамтығы жоқ шүйкедей кемпірдің өзіне жығыла жабысқаны туралы бір хикаяны ұзақ жыр ғып айтады. Ж.Шәк.
