Posted in

ЖЫЛАН АРБАҒАН КӨЖЕКТЕЙ (ҚОЯНДАЙ) ТЫПЫРШЫДЫ (ТЫПЫРЛАДЫ)

Дәрменсіз күйге түсіп, жан ұшырды. ~ Сұржекей енді Қозбағарға жүзін бұрды. Қомпиған Қозбағар жылан арбаған көжектей тыпыршып кетті. С.Ел. ~ Өз көркіне, бидай өңді пісте мұрын, тұнық қара көзіне сол сәтте өзге тұрмақ Хансұлудың өзі сүқтанып қарамап па еді… Бұның жылы назары түскен еркек шіркіндердің неге жылан арбаған қояндай тыпырлайтын мүшкіл халін сол сәт тұңғыш түйсінбек пе еді… С.Ел.