Білмейтіні жоқ, аңғарымпаз, байқампаз адам туралы. ~ Әй, қу бала, “бүгін қонамын, қасыңызда боламын” деп келген. Енді мүсәпір бола қалған түрін қара! Дегенмен жыланның жусағанын білетін аңғары бар жігіт сияқты. Ә.Асқ. ~ Қулығына құрық байламайтын айлакер, “жыланның жусағанын білетін” зымиян Оспанды жеңген жылқышы жігіт Бати. Иә, Оспан өзінің сырт түріндегі сияқты жаңа өкіметке жан салып жүрмеген адам екен. Р.Нұрғ. ~ Айтпады деме, — деді Аманжан өзгеше көңілсіз қалыпта. — Менің жүрегім жыланның жусағанын сезеді. — Қолын бір сілтеді де, шалдың соңынан кетті. О.Бөк.
