Қабағын тыржита, жақтырмай қарады; тыжырына қалды. ~ Айдынбай арақкеш ұлын көргенде жыланша жиырылып, төбе шашы тік тұрды. Қара нардай қаңқиып, бір қауымға дейін сілейіп қалды. Т.Рыск. ~ Тастан алғашқыда жыланша жиырылып, ытырына қалса да қартайғанда көрген ұлына жоралғы жасап, дала арланын байлапты дегенде аздап жібігендей болды. С.Жүн. ~ Бір адам есіктен аттаса ырысын ішіп кететіндей жыланша жиырылып отырған адамдардан не күтерсің. О.Көш.
