Posted in

ЖЫЛЫ ҚАБАҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Келуін қош көрді, қуана құшақ жайды. ~ Еш жерде маңдайыма шертпек түгілі қатты сөз де айтқан жоқ. Өйтудің орнына жылы қабақпен қарсы алады да, төріне отырғызып, бар дәмді асын аузыңа тосады. Өзі тимей, ешкімге тиген қазақты көрген емен. С.Мұқ. ~ Бұндайда Алтын кейде жалғыз отырады. Күйеуі бар кездегіден өзгеше еркін де, жылы қабақпен қарсы алады. Б.Соқ. ~ Ауданға жердің үстімен барып, астымен қайтқан Елтайды бас редактор хал-қадарынша жылы қабақпен қарсы алды. М.Қаб.