Айғай-шу шығарып, зіркілдеп, зәрін төкті. ~ «Сен шоқынды қыз, мені неге алдайсың? Сүйемін де күйемін. Күйемін де тиемін дейсің. Жеме жеме келгенде әр сылтаудың
құйрығын бір ұстатып кете барасың да, басқалардың баурына барып кіресің? Бұл не? Осы, сен қыз, екі жігітті қабатынан
емуді қашан қоясың?» – деп аузына келген жынын құсыпты. Ә.Әб. ~ «Алаштың» туын ұстаған, асқар белдей ерлерімізді
жынданған итке ұқсап, арамзалар қаппақ болып, жынын құсып, уын шашып жүр. Түрі адамға ұқсағанмен пікірі айуан сияқты
адамдар. С.Сей.~ Бұлардың артынан шұбап атты-жаяу адамдар топырлап келеді. Нелер қара сақалды, ақ сақалды кісілер
күңіреп тепсініп жүр. Нелер тентек мырзалар кіжініп аузынан жынын құсады: — Бер қолыма! Аттың құйрығына тағайын! —
Құның қалтамда! Асқанға тосқан! І.Жанс.
~ Бұл “ойыннан” ағасы алғашқыда сескеніп, жалына қол тигізбей осқырса да, кейін сөз ыңғайына көшіп, оңай олжадан бас тартпаған. Енді мына қолшоқпарды біраз жинап, қайрап алу керек, ит екеш итті де қасқырға саларда жынын құстырып, ашықтырып-ашындырып алады. С.Жүн. ~ Жынын құстырып, бабымен жаратқан иттің денесінде бір жапырақ арам ет жоқ. С.Жүн.
