Posted in

ИІС АЛМАС

Ақылдан кенде; ештеңені сезбейтін кеще. ~ Амантайдың сырт естуі – Тұяқ балаларының ішіндегі иіс алмасы осы Темірбек еді. «Онша боз ауыз емес екен» деп ойлады Амантай. С.Мұқ. ~ Осыдан ол ұзақ жатты. Күзетші аттан түспейді. Дыбыс шығармайды. Жылқышыдай шеңдемейді. «Иіс алмас біреусің ғой, шамасы. Әлі-ақ жантаярсың!» деді. Т.Әл. ~ Оның соңы қыз- келіншектер шақырып, таң атқанша дуылдатқан ойын- сауыққа ұласады. Күйеулерінің кешіккеніне, үйге келмей қонып қалатындарына көбісінің әйелдері үйренген, иіс алмас көмпіс. Ә.Асқ.