Posted in

ИМАНЫ ҚАСЫМ БОЛДЫ

Үрейі ұшты, жаны түршікті. ~ Есiм шығып қуанғаннан, Адастым мен ар, иманнан, Күдер үзiп шыбын жаннан, Болып тұр иманым қасым. Шәк. ~ Гуілден шыққан үндерден адамның иманы қасым болғандай ыңыранған аурулар даусы да естіледі одан, ұрсысқан, жанжал-дасқан дауыстар да естіледі … С.Мұқ. ~ Иманым қасым болды, қара жер теңселіп, тұңғиық аспан төңкеріліп бара жатқандай. Жер үстінің наз-наласы соның ғана көкірегін кергендей, қарс айырғалы кернегендей. Азалы әуен, қара жамылған қам келіншектердей тірі сөздер! Төбе құйқам шымырлап кетті. М.Әлімб. ~ Бір кісінің екі көзі біріне бірі жау болғандай ауыр қасірет еді бұл! Ол кезең қасіретін таратып айта бастасаң жан түршігеді, иманың қасым болады. Қ.Ергөб.