Posted in

ИТ ПЕН МЫСЫҚТАЙ ЫРЫЛДАСТЫ (ЫРЫЛДАДЫ)

Дау-дамайы бітпейтін дүрдараздық, өшпенділік жайында. ~ Бұ несі– ай, арамтер болғандары. Жұрттың жеті– сегіз баласы бірауыз, бұл екеуі сәби күнінде ит пен мысықтай ырылдаспағанын ата сақалдары ауыздарына біткенде шығарды– ау… М.Сүн. ~ Түбің түскір осы ұстамды мінезі құртты ғой Ақбергенді! Ұзақты күн ит пен мысықтай ырылдасып жатса, бұған да әйелдің кезекті сандырағы ғой деп сүлесоқтау ғана қолы бір сілтер еді, турасына көшкенде оны бит шаққан құрлы көрмес еді. Қ.Жиен. ~ Жаңағы Таубайдың қылығын көрдің бе? Мені сізге жібермей етегімнен алып, шу шығарып жатқан сол. Екеуміз қашан да болсын, ит пен мысықтай ырылдаймыз да жатамыз… Қ.Жұм.