Posted in

ИТ ТАЛАҒАН ТУЛАҚТАЙ (ТЕРІДЕЙ, ТЫРНАДАЙ, КҮШІКТЕЙ т.т.)

Кенеуі кетіп, ұсқыны қалмаған, сау тамтығы жоқ д.м. ~ «Әлгі әлемнен неге келдім», – деп
Айшаның көңілі құлазып, ит талаған тулақтай құрысып қалды. Ш.Мұр. ~ «Қауқар» деген
сөзді осылар ит талаған тулақтай етті. «Қауқар» – күші бар, жанды нәрсеге айтылатын сөз.
Қолданыста «қауқары бар жігіт» делінетін. Қ.Олж. ~ Бетіне ащы мысқыл шауып мырс етті.
Енді, міне, ит талаған терідей ырың-жырың өмірдің ақыры осылай болды да тынды. Ә.Нұрп.
~ Жаным-ау, күндерiм-ау… – Сонадайдан сөйлеген қалпы бұларға абдырай емпеңдедi.
Жанында ит талаған тырнадай шаштары үрпиiп кеткен қара сирақ балалары бар. Ә.Ыб. ~
Ақыры, міне, ол да қозғалыпты, өйткені Смоктың көзі көгеріп жүр, көзі ғана емес, бүкіл
бетінде ұсқын жоқ, құдды ит талаған күшіктей. Дж.Лон.