Уақыт оздырды. * Соны ойлағанда күнде-күнде көре-көре, қол ұшында тұра-тұра өз денесінің бір мүшесіндей болып кеткен мына бір нәрселердің қадір-қасиеті бұрынғыдан бетер арта түседі. Қайсысын алып кетерін, қайсысын тастап кетерін біле алмай ерте күнді кеш қылып дәндәнай боп тұрғаны. Ә.Кек. * Қыздар, дайынсыңдар ма? Аттарың ерттеулі әзір тұр. «Баратын ауыл көп. Ерте күнді кеш қылмай тез аттанып кетіңдер» деп Би-атам ұрсып жатыр, — деді аптыға тіл қатып. Қ.Жұм. * Ш а л А с а н. Қашпақ болсаң, зымыра деген. Біреудің атақ-абыройына таласамыз деп отырып, ерте күнді кеш қылып алмаймыз ба?.. Қ.Ысқ. * Арасында Қайып та жүр. Қалтасы қалың болмаса да бір-екі құлақ баулы қапты толтырып тары-жүгері, көйлектік кездеме, ұсақ-түйек керек-жарақты алды. Енді қасындағы жолдастарына қарайлап, ерте күнді кеш қылу үшін базар аралайды. Көбіне зергер-ұста, етікші-шеберлерді жағалайды. Ү.Жәл. * Құдайым – ау, мен сізді киініп келуге кеткен екен деп ойлап ем! Дәрігер, ерте күнді кеш қылмайық! Жүрейікші, өтінемін сізден! А.Чех.
