Бұрыннан талай айтылып, әбден мезі қылған сөз; бұрынғы тірлік; сол баяғы емеурін. * Шайға отыра бергенде Беріш руының биі Асанбек ақса¬қал «ассалаумалейкүм» – деп кіріп келген. «Тағы да сол ескі әуенді қозғай ма» дегендей Исатай оны салқын қабақпен қарсы алды. Б.Тоғ. * Босқанда – ел-жұрт боздаған! Ескі әнді, шеше, қозғама! Елестеп маған өтеді, Кұлазып жатқан боз дала. М.Мақ. ~ Амандасуға келген алыс-жақын ағайынға бір самауыр шәй бере алмағаннан қиыны жоқ қой. Соны ойладым да, қудай бай, өзі береді дейтін ескі әніме басып, таңертең ертерек тұрдым да, бұзауын тулатып, әйелімнің бұлқынғанына қарамастан жалғыз сиырды ақтардым да тастадым. Т.Әбдір.
