Posted in

ЕТЕГІН ЖАПТЫ

Ел қатарына қосылды, ес жиды, өз-өзіне келді. ~ Ойлап қараса осы орыс ел боп етегін жапқалы намысты қолдан берген
жері жоқ екен. Етегі елпі, жеңі желпі жүріп те екі талай егеске түскен жерде ерлері ел арын ту ғып көтеріп, айқайлап
шығатын. Сол батырлар қайда? Ә.Нұрп. ~ Бір қарап мәдениетінің марқалығына, рухының өрлігіне қызығасың. Енді бір
қарап қалтасындағы көк тиынының көгенінен босай алмай бұлқынғанына, біріне жетсе, біріне жетпей, етегін жапса да
ені ашылған бейшара тірлікке жаның ашиды. Ж.Шәк.

  1. Абыройын сақтады. ~ Бір ғұламаның қызы бойжетіп отыр екен. Оған бірі бай, бірі кедей – екі кісі бірдей құда түсіпті.
    Ғұлама ойланбастан қызын кедей жігітке беріпті. Көрші-қолаң таныс-паныстары одан “мұныңыз не?” деп сұраса: — Дәулетті
    жігіттің көркінен гөрі ақыл-есі кемдеу көрінді, әкеден қалған мал-мүлік қашанғы етегін жапсын. Ал кембағал жігіт одан
    әлдеқайда епті, елгезек, есті. И.Сап. ~ Тоқалға қарағандардың арасына жік түскелі тұр. Дәулетті Жәнікенің етегін жауып
    отырған да кедей туыстары… З.Шүк.