Қол астына кірді; күйеуге шықты; пана көрді, артынан ерді. ~ – Қыз айтты: «Құдай не
бағыма, не сорыма кез қылған шығар. Алаштың азаматы ер жігіт көрінесің. Етегіңнен
ұстадым»,- деді. Ж.Айм. * Қыдыш. Дастарқан аттаған оңбас. Кемпір, осы балаңмен жетім-
жесір боп қалғаныңда, осы үйге әкеп, осы Майқанның етегінен ұстатқан мен едім. М.Әуез. ~
Маужырап есінеп мол сәулелі тарғыл көзін бір ашып, бір жұмды. Бұл Балқия еді. Жігіті –
Бұлыш. Елді шулатып етегінен ұстаған Бұлышы. С.Ел. * Бұл орыс-қазақ араласқан жерден
«әй, неде болса осының етегінен ұстайыншы» дейтін ер мінез, тұлғалы, сөзге берік, іске
мығым ер-жігітті кездестіре алмай жүргенім – жүрген. Ш.Құм.* Ата дәстүрмен
ағайынның бірінің етегін ұстамадың деп тайпа түгел дүрліге көшіп, бұларды жалғыз
қаңғыртып кетті. Р.Отар.* Бой жете келе бақыты ашылып, қақ-соғы жоқ оқыған жігіттің
етегін ұстаған — жас кезінде айтулы ару болыпты. М.Қабанб.
