Posted in

КЕБІН КИГЕН

О дүниелік болған, келмеске кеткен, өлген. ~ Ақан аға… түсінемін, түсі… түсіндім, – деп басын көтерместен Сұлтанмұрат көзіне жас алды – Жігіттер қиырға айдалған екен. Иә… кебенек киген келер-ау тірі болса… кебін, кебін киген. Бәтжан келер ме енді. С.Жүн. ~ Көзі жұмулы Сүлкей бірнеше қадам аттады. Ұмытпаса, жеті қадам. Бірақ жеті қабат дүниеден аттап басқа бір әлемге енгендей. Бейтаныс дүниеге бастаған кісі — кебін киген Кеңесі. Өзінің Кеңесі. С.Елу.