Қиын-қыстау уақыт; ел басына күн түскен қысылтаяң кез. ~ (Санын бір соғып, қағаздарды қойып, ойға кетеді). Ой, кер заман, кер заман! Талан-тараж қан жылау. Қабақ қату, қансырау. Азаматы жабылу, Малы күнде сабылу. Ж.Айм. ~ … мынау жылқы екеш жылқыны да құрық емес найза ұстап қайыруға тура келетін кер заманға тап келген елдің ендігі байы да, биі де, жау жақтағы қарасы да, жел жақтағы панасы да бұрын өштескен ауылдарға барымтаға жұмсалатын сойылы ауыр, қамшысы жылдам содыр нәсіл болуға айналды. Ә.Кек. ~ Оның үстіне мына елге жеткен жұт бұған да жетіп, малынан шашау шыға бастаған. Ол аз дегендей аш ауылдар бұрынғы барымта емес, енді өзді-өзіне ауыз салып, бардың малын жоқ жалмаған кесапат кер заман туған. С.Жүн. ~ Қаншама зынданыңа ер қамалды, Жарасыз жүрегіне шер жамалды. Бүгіннің бағасын сен пайымдарсың, Түсірсең еске сонау кер заманды. Т.Әл. ~ Жетiскен жағдай жоқ. Тар дүниенiң қауызына сыя алмай шарқ ұрып солықтайсың. Шөп жесең қақалатын, ұрлық қылсаң өлетiн кер заман ғой, әсiлi. Ж.Шағ.
