Қыспаққа түсті (түсірді). ~ Есікті кермейді, Кергіге түсерсің деп. Қанжығаны өрмейді, Жат жерден Сусын ішерсің деп. К.Құм. * Осы қоғамды дамыту үшін алдымен оны әлгіндей партиялар ары тартып, бері тартып кергіге салады. Сонан соң сайлауда жақ-жақ, жік-жік болып, біріне –бірі алакөздене сайлана сайысқа түседі. А.Әбд. * Серкені жерден көтерсең де оңайлықпен тақымға бастыртпай, кергіге түсіреді. Атыңа қарсы ат салып, адымыңды аштырмайды. Ә.Дау. * Көңілің уәйім терді ме, түсті ме санаң кергіге. Қор етпей сұлу тұлғаңды жас болып қалғың келді ме. Г.Сейт.
